Топ юзеров
Популярные материалы
На сайте уже 87 , зарегистрировано 30 и оставлено 10 .
Mail.ru Hacked
5+ ҰБТ ға дайындық 2...
C/C++ программалауті...
Рипнул Mishka
Therip.ru
Хлебные крошки
Главная » Файлы » Басқа жаңалықтар » Пайдалы мақалалар

Webmoney мен сайтты байланыстыратын боламыз!
20.09.2012, 12:14

Webmoney мен сайтты байланыстыратын боламыз!


Автор: elzhas 

Сәлем Достар! Бүгін біз webmoney төлемақы жүйесі туралы, тағы да өтпекбіз! Яғни, Сіздер webmoney төлемақы системасымен сайтты байланыстыруды үйренетін боласыздар. Бізге осы сайтты webmoney системасымен байланыстыру не береді? Сіз интернет-предприниматель немесе интернет бизнесімен айналысып жүрген болсаңыз, Сіздің жұмысыңыз 2 есеге жеңілдейтін болады. Яғни, Сіз сайтыңыз бен webmoney төлемақы системасын байланыстырып, клиенттерден түсетін ақшаны, сайт арқылы алатын боласыз! Яғни, жұмысыңыз 2 есеге жеңілдейді! Ал, осы webmoney мен сайтты байланыстырудың неше жолы бар екен? Жалпы, бүгін қарастырылатын жолдар саны — үшеу.

1. Автоматты түрде (Автоматический)

2. Жартылай автоматты түрде (Полуавтоматический)

3. Қол арқылы жасалатын түрі (Ручной)

Webmoney төлемақы системасын сайтыңызда автоматты түрде қабылдайтын болсаңыз, Сізге — сатушы аттестатын алу қажет. Осы аттестатты алу жолдары туралы мәліметті, осы сайттан таба аласыз — http://passport.webmoney.ru. Осы аттестатты алу үшін, Сіз осы төлемақы системасының тіркеушісімен тікелей кездесу арқылы ғана ала аласыз. Егер де осы системаның тіркеушісімен кездесе алмасаңыз, басқа да жолдар арқылы да аттестат алуға болады. Барлық керек документтерді нотариустан алып, пошта арқылы документтерді, төлемақы тіркеу орталығына жібересіз! Аттестат алынғаннан кейін, Сізге көптеген жұмыстармен айналысуға тура келеді, осы документтерге қатысты.

Осы аттестат алудың ең оңай жолы, ол — қол арқылы жасалатын түрі. Осы тәсіл арқылы сатушы аттестатын қалай алуға болады? Сайтта webmoney кошелегының нөмірін (№) көрсетіп,  мынадай хатты жібересіз: «Отправьте на этот кошелек 100$» және осы сөзді толықтырып жазып, webmoney төлемақы системасына жібересіз.

Осы айтылып кеткендердің ішіндегі, ең оңайы — ол, жартылай автоматты түрі. Аттестат алу үшін Сіз сайтыңызға html код қойып, өңдейсіз. Осы жасалған істен кейін, қолданушылар немесе сатып алушылар, Сіздің сайтыңыз арқылы, ақша төлей алатын болады, яғни — webmoney төлемақы системасы бойынша.

Осы жоғарыдағы жазылған сөздерді түсінбесеңіз, онда мысал түрінде келтірейін:

Мысалға, Сіз электронды кітапты 1000теңгеге, сайт ішінде сатпақшысыз.

Осы электронды кітапты сату үшін, Сіз сайтыңызға осы html кодты орнатуыңыз қажет:

<a href="wmk:payto?Purse=R682907524677&Amount=10&Desc=Оплата%20заказа&BringToFront=Y">Кітапты сатып алу</a>

Бұл жерде, R682907524677 -Сіздің webmoney төлемақы системасында тіркелген кошелегыңыз.

Amount=10 — бұл рубль түріндегі ақша.

Desc=Оплата%20заказа — Ескетпе (Заметка) түрінде болатын, толтыру формасында кездесетін сөз.

Тағы да айтып кететін жайт, ол — webmoney keeper программасы пайдаланушыда қосулы тұру қажет. Осымен бітті! Бәрі де оңай емес пе?

Енді, Сіз webmoney төлемақы системасы арқылы ақша қабылдауды білетін болдыңыз! Осыны қолданыңыз!  Түсінбеген жеріңіз болса, пікір қоюды ұмытпаңыз!

Осымен, түсінікті түрде жазылған мақала бітуіне тәмамдады. Келесі кездескенше сау болыңыздар! Құрметті оқырмандар!


Категория: Пайдалы мақалалар | Добавил: KZ
Просмотров: 1099 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]